Даулет Орынбасар — QJ League тарихындағы ең көп гол және нәтижелі пас берген ойыншы.
Қазақстанда тағы бір вундеркинд пайда болды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
719
оқылды

Қазақстанның жасөспірімдер футболында жаңа жұлдыз пайда болды. X әлеуметтік желісіндегі танымал Rising Stars XI аккаунты U17 санатындағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дәулет Орынбасардың болашағы зор екенін жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Rising Stars XI парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Дәулет Орынбасар – QJ League тарихындағы ең нәтижелі ойыншы.

«Даулет Орынбасар — QJ League тарихындағы ең көп гол және нәтижелі пас берген ойыншы. 17 матчта 28 гол соғып, 14 ассист жасады. Ол бұл көрсеткіштерімен «Челси» клубымен келісімшартқа отырған Дастан Сәтпаевтың өзінен де озып кетті. Нағыз вундеркинд», - делінген аталған жазбада.

Еске салсақ, 2025 жылдың басында «Қайрат» пен лондондық «Челси» Дастан Сәтпаевтың трансфері жөнінде келісімге келген болатын. Келісім бойынша, Сәтпаев кәмелеттік жасқа толған соң, 2026 жылдың жазында, ағылшын клубына ресми түрде қосылады.

Дәулет Орынбасардың ерекше статистикасы мен алаңдағы ойыны оған да еуропалық клубтардың назарын аудартуы әбден мүмкін екені айтылып жатыр. «Қазақ футболының келесі экспорттық жобасы осы ойыншы болары сөзсіз», дейді сарапшылар. Дәулет те Дастан секілді «Қайрат» футбол академиясының түлегі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.