Президент кездесуде екі ел арасындағы бірлескен жобалардың стратегиялық маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың YTO Express логистика компаниясының басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады
Фото: akorda.kz
377
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың YTO Express логистика компаниясының басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны «Qazpost – YTO» ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту.

Биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Qazpost – YTO» ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.

Кездесу соңында Президент осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.