Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші 26 мамырда «D and Dears» атты фан-кездесу өтетінін мәлімдеді.
— Менің туған күніме орай, 26 мамырда Almaty Arena стадионында «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын «D and Dears» атты фан-кездесу өтеді. Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар. Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі. Келесі аптадан бастап фан-кездесу билеттері Ticketon сайтына шығады. Кездескенше! Сіздерді ерекше жақсы көремін, — деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.