Әншінің болашақ келіні әлеуметтік желіде өзін таныстырып, оқырман сұрағына жауап берді.
Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні кім екені белгілі болды
Фото: tiktok.com/@adiyamaulen
1,121
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы шаңырақ көтермек, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әншінің болашақ келіні әлеуметтік желіде өзін таныстырып, оқырман сұрағына жауап берді. 

“Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін”, –  деді Әдия Мәулен.   

Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіргісі келетінін айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.