Қарағанды облысында уылдырық шашу және балық пен басқа да су жануарларының көбеюі кезінде балықтың кейбір түрлерін, атап айтқанда, көксерке мен сазан аулауға тыйым салынады, - деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында (Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының әкімшілік шекарасы шегінде, Балқаш көлін қоспағанда) 20 сәуірден 20 мамырға дейін көксерке аулауға тыйым салынған; сазан (тұқы) - 1 мамырдан 30 маусымға дейін.
Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың барлық бойында, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, барлық су тораптарын (су қоймалары) қоса алғанда, бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде 15 сәуірден 30 мамырға дейін балық аулауға тыйым салынады.
Осы талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген:
- жеке тұлғаларға балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 10 АЕК (39 320 тг.) мөлшерінде айыппұл салынады - әуесқойлық (спорттық) балық аулау рұқсат құжаттарынсыз тыйым салынған мерзімде, тыйым салынған жерлерде;
- Балық аулау ережелерін - тыйым салынған құралдармен балық аулау ережесін өрескел бұзғаны үшін 20 АЕК (78 640 тг.).
- Елеулі залал келтіргені үшін ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген:
- жеке тұлғалар 6000 АЕК (23 592 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не болмаса үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.