Адам өмірінің ұзақтығы – кез келген мемлекетті бағалаудағы негізгі көрсеткіштердің бірі. Ал оның маңызы неде? Ең алдымен, бұл көрсеткішке көптеген фактор ықпал ететіндіктен маңызды. Ол жыл сайын ұлттық статистикалық институттар мен халықаралық ұйымдар жинаған мәліметтер негізінде есептеледі. БҰҰ Даму бағдарламасы әртүрлі жас топтарындағы өлім-жітім көрсеткіштерін ескеретін әдістемені қолдана отырып, нақты елде дүниеге келген адамның орташа қанша жыл өмір сүретінін болжайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – әлеуметтік-демографиялық дамудың негізгі индикаторларының бірі болып саналады. Бұл көрсеткіш медициналық көмектің тиімділігін, өмір сүру деңгейін, гигиеналық стандарттарды және елдегі әлеуметтік саясаттың сапасын көрсетеді. Мысалы, өмір сүру ұзақтығының жоғары болуы көбіне медицина саласындағы жетістіктермен, білім берудегі қолжетімділікпен және әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейімен тығыз байланысты.
2025 жылға арналған елдер бойынша өмір сүру ұзақтығы рейтингі
(Жылдармен берілген. Қосымша ретінде – ауаның тазалығы бойынша мәлімет көрсетілген)
Орны | Ел атауы | Орташа өмір сүру ұзақтығы | Ең таза ауа (PM2.5 деңгейі) |
---|---|---|---|
1 | Монако | 85,9 жыл | - |
2 | Гонконг (АР) | 85,5 жыл | 14,5 |
3 | Макао (АР) | 85,4 жыл | 15,4 |
4 | Жапония | 84,8 жыл | 9,1 |
5 | Австралия | 84,5 жыл | 4,2 |
6 | Швейцария | 84 жыл | 10 |
7 | Мальта | 83,8 жыл | 11,7 |
8 | Оңтүстік Корея | 83,7 жыл | 18,3 |
9 | Лихтенштейн | 83,3 жыл | 8,3 |
10 | Норвегия | 83,2 жыл | 7 |
Ең ұзақ өмір сүретін мемлекет (Топ-10)
-
Монако – 85,9 жыл. Бұл жағалаудағы шағын қала-мемлекет. Монакода сапалы медицина мен салауатты өмір салтына қолжетімділік бар. Қылмыс деңгейі төмен, қарттарға қамқорлық жоғары деңгейде.
-
Гонконг (АР) – 85,5 жыл. Жоғары медициналық стандарттар, заманауи технологиялар және аурудың алдын алуға басымдық – халықтың ұзақ өмір сүруіне себепші. Гонконг тұрғындары денсаулыққа пайдалы диета ұстайды, аз алкоголь тұтынады және белсенді өмір сүреді.
-
Макао (АР) – 85,4 жыл. Қытайға қарасты автономиялық аймақ, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы мен жоғары өмір сүру деңгейімен ерекшеленеді.
-
Жапония – 84,8 жыл. Мұнда дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және жүйелі медициналық тексерулер кең тараған. Сонымен қатар отбасылық байланыстар мен әлеуметтік жауапкершілік те маңызды рөл атқарады.
-
Аустралия – 84,5 жыл. Жоғары өмір сүру деңгейі, сапалы медицина мен қоршаған орта тазалығы – басты факторлар.
-
Швейцария – 84 жыл. Мұнда медициналық қызметтің сапасы жоғары, азаматтардың өмір сүру салты да салауатты.
-
Мальта – 83,8 жыл. Жерорта теңізінің жылы климаты мен диета, денсаулық сақтау саласындағы қолжетімді қызметтер ұзақ өмір сүруге ықпал етеді.
-
Оңтүстік Корея – 83,7 жыл. Бұл елде пайдалы тағам, спорт және профилактикаға ерекше көңіл бөлінеді.
-
Лихтенштейн – 83,3 жыл. Халық саны аз, әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау деңгейі жоғары.
-
Норвегия – 83,2 жыл. Қоғамдық саясат, экология және медицина дамыған.
Ең төмен өмір сүру ұзақтығы көрсетілген 10 ел
Ел атауы | Орташа өмір сүру ұзақтығы |
---|---|
Чад | 52,5 жыл |
Нигерия | 52,7 жыл |
Лесото | 53,1 жыл |
Орталық Африка Республикасы (ОАР) | 53,9 жыл |
Оңтүстік Судан | 55 жыл |
Сомали | 55,3 жыл |
Эсватини | 57,1 жыл |
Кот-д’Ивуар | 58,6 жыл |
Мали | 58,9 жыл |
Гвинея | 58,9 жыл |
Чад – ең төмен өмір сүру көрсеткішке ие ел (52,5 жыл). Бұл негізінен медициналық қызметтердің жетіспеушілігі, кедейлік пен созылмалы аурулар (малярия, АИТВ) салдарынан. Елдегі қақтығыстар мен саяси тұрақсыздық та халықтың жағдайына кері әсер етеді.
Нигерия – орташа өмір ұзақтығы 52,7 жыл. Жұқпалы аурулар көп, медицина дамымаған, өмір сүру деңгейі төмен.
Лесото – 53,1 жыл. Бұл елде де АИТВ/ВИЧ деңгейі жоғары, медициналық қызмет пен ресурстар тапшы.
ОАР (Орталық Африка Республикасы) – 53,9 жыл. Рейтинг соңында болуына басты себеп – қақтығыстар, кедейлік пен көптеген ауру .
Қалған елдер де (Оңтүстік Судан, Сомали, Эсватини, Кот-д’Ивуар, Мали, Гвинея) кедейлік, тұрақсыздық, жұқпалы аурулар және медициналық қызметтердің төмен сапасымен ерекшеленеді.