Президент Шымкент қаласына сапары барысында сауда-логистика орталығын барып көрді.
Мемлекет басшысы Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды
Фото: akorda.kz
965
оқылды

Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды, - деп хабарлайды Аikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көпфункционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған. Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.