Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, өзін алдап кеткен әйел туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оның сеніміне кіріп, "Түркиядан алтын бұйымдар жеткізіп беремін" деп уәде берген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алайда ол алаяқтық жолмен жәбірленушіден 3 миллион теңге көлемінде ақша алған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті.
- Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Алаяқтардың арбауына түспеу үшін қырағылық танытып, күмәнді ұсыныстарға сенбеңіздер. Полиция алаяқтық жаһандық деңгейдегі өзекті мәселе екенін еске салды, - делінген ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.