Жәмила Бақбергенованың еншісінде әлем чемпионатының 4 күміс және 1 қола медалі бар.
Балуан Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Фото: olympic.kz
1,183
оқылды

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова әйелдер күресі бойынша әлемдік рейтингте көш бастады. «Біріккен күрес әлемі» (UWW) жариялаған мәліметке сәйкес, ол жапон спортшысы Ами Ишидыны артқа тастап, бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жәмила жуырда өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, бұл турнирде төртінші мәрте жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Осы нәтижесі үшін ол 10 000 ұпай жинады.

Айта кету керек, бұл — Бақбергенованың биылғы маусымдағы төртінші жарысы және барлығында да отандасымыз жеңіс тұғырынан көрініп отыр.

Бүгінде оның еншісінде әлем чемпионатының 4 күміс және 1 қола медалі бар. Сонымен қатар ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы және Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.