Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қонаев қаласында жанып жатқан үйден 21 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
658
оқылды

ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан үйден 21 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қонаев қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шығып, от төртінші қабаттағы пәтердің балконына дейін жеткен.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 21 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.

– Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, – делінген ақпаратта. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.