Іс қарау барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.
5 жылға шартты түрде сотталды – Темірлан Еңсебектің кінәсі сотта дәлелденді
Фото: istockphoto.com
817
оқылды

Әлеуметтік желіде сатиралық парақшасының авторы, блогер Темірлан Еңсебек кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығы шектелді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Алматы соттарына сілтеме жасап. 

Қылмыстық іс Алматы қаласының Наурызбай аудандық  қаралды. Темірлан Еңсебек әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталды (ҚК 174-бабы 1-бөлігі).

«Сот Темірлан Еңсебек Instagram парақшасының 34 мыңнан астам оқырманы бар парақшасының әкімшісі бола отырып, басқа ұлт өкілдерінің ұлттық абыройы мен қадір-қасиетін көпшілік алдында қорлауға бағытталған, дөрекі, балағат сөздермен жазылған мәтіні бар музыкалық композициямен бірге пост жариялаған. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттарының бірі болып табылатын ұлтаралық келісім мен халық бірлігін бұзуға бағытталған. Сотталушының кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде сот-психологиялық және филологиялық сараптама қорытындысымен, жауап алу хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Іс қарау барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот отырысының қорытындысы бойынша, қылмыстық іс материалдарын зерттеп, тараптардың сот жарыссөздерінде айтқан ұстанымдарын ескере отырып, сот сотталушыны аталған әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.