Жазу – тарих пен әдебиетті тудыра алатын ұлы күшке ие. Бұл егіз сүрлеуді еңсеріп, қалам ұшымен қарекет қылған сөз зергерінің бірі – Зейнолла Сәнік. Ол ғұмыр көшінің басым бөлігін қиырдағы Қытай Халық Республи­касында өткізсе де, түпкі тамырынан қол үзбеген ұлтының жанкешті ұлы болды.
«Тап жауы» атанған тарланбоз
375
оқылды

Қаламгерлік жолын өз халқының ауызекі әдебиетін зерделеуден, ұмыт­қа айналған кесек құндылық­тар­ды жаңғыртудан бастады. Тұтас қазақ руханиятының өткен дүрмегіне бойлап, байырғы еңбектердің бүгін­мен байланыс құруына үлес қосты.

Түрлі ілімді игерген Зейнолла Сәніктің жазушылықтан басқа өзге де қырлары жетерлік. Тарихшы, этно­граф, этнолог, фольклортану­шы атануы бесаспап екендігінің анық айғағы. Бағзыны түрлендіру, оны осы шаққа еш десакрализа­циясыз бұрмаламай жеткізу ауыр жүк. Өйткені тарихты өзгерту тар­их­­шылардың ғана қолынан келеді. Тоталитаризм кезінде тон­ал­ған ұлттық кодты, әуелгі ділден түзілген мәдениетті толықтырудың да ауырт­палығы көп. Зейнолла Сәнік өмір жорығын осы бір ілкімді іске арнады. Өзге елде жүріп өз жұртын өгейсінбеді. Қарабайыр түрде қа­лам тербемей, ұлттың кәдесіне жа­р­ай­тын тың туын­дыларды ту­дыр­ды. Қаламгердің «Алыптың алыбы», «Зырылдауық», «Үстелдегі талас», «Түнгі от», «Дүм­пулі дүр­мек», «Желі басындағы желпініс», «Несібе» атты эпикалық әңгіме­лерінің сюжеті де, баяндау тәсілі де ерек. Шығармалардың та­қыр­ып­тары да талғажау оқыр­ман­ның көк­і­р­ек көзесі мен ықыл­ас-ын­тасын оятуға әлеуетті. Сөз зер­гері жаз­ған кей әңгімелер фан­тас­тика­лық жанрдың қалыбынан шыққан. «Арман көлеңкесі», «Бәкен­нің бат­пырауығы», «Жер астына сая­хат», «Шаштағы шарапат» шығар­ма­лары адам атаулы үшін таңсық ға­жай­­ып­тарды арқау еткен. Илан­саң­ыз, автор «Арман көлеңкесі» туын­ды­сында заманауи құлтемір­лер жайлы қау­зайды. Желісі бойын­ша қызынан айырылған шешенің жай-күйі баян­далады. Анасының күйреуік көңілін оңалту үшін ұлы Қаден темір робот жасайды. Оны қайтыс болған Гүл­жан­нан айны­май­тын кейіпте құрай­ды. Осыл­айша, оқиға өрбиді. Бәл­кей, бұл ло­гикалық тұрғыдан нануға тұр­майтын сюжет болуы мүмкін. Десе де, төл әдебиетіміздің көшін басқа арнаға бұрған батыл қадамдар­дың бірі болды. Мұндай эскапизм түбін­д­е балаларға арналған фэнтези жанры­ның дамуына септігін тигізеді. 

Зейнолла Сәнік – шебер сурет­кер ғана емес, өмір иірімін айныт­пай қағаз бетіне түсірген иллю­зионист.  Автор адам психологиясын динами­ка­лық күйде шебер сурет­теуге қау­қар­лы. Одан бөлек, пейзаж цивили­за­ция­сының төңірегінде де мар­­дым­­ды еңбектердің жарық көруіне түрткі болды. Әрқайсы­сының тони­калық астары ақиқатты мең­зейді. Он­ың көпшілік қалам тербеуге қай­мы­ғатын жаһандық жанр­ларға бет бұруы өз алдына бір төбе. Жазушы осы арқылы әдеби шы­ғарманың тіл­ін­де штамп жоқ екенін дәлелдеді. Сөз басында пен­де біткенге ерек дарынды зеңгірдегі күш дарытады деп ой айттық. Бұл орын­сыз пайым, кредо түсінік емес. Шындығында, Зейнолла Сәнік –  өз ұлты үшін толқу жасаған қаламгер һәм қай­раткер.

Ислам ӘДЕН,

ҚазҰУ-дың 3-курс студенті