Желіде Әдия Мәулен есімді ару әншінің ұлымен бірге жүргенін жариялаған еді.
«Біздің үйде тойдың ауылы алыс емес»: Сәкен Майғазиев қуанышты жаңалығын жеткізді
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev
4,748
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің жақында үйленетіні туралы жаңалықты әлеуметтік желіден естігенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әріптестерімен бас қосқан кеште әнші отбасындағы қуанышты сәтті күтіп жүргенін жеткізді.

“Той тойға ұласа берсін! Жақында Жанар Айжанова апамыз Айжұлдызды ұзатпақ. Ол кезде Нұржан Төлендиев келін түсіреді. Бізді сол жаққа шақырып қойды. Екеуі қатар келіп тұр. Біздің үйде де тойдың ауылы алыс емес. Әлеуметтік желі шулап жатыр екен. Динара екеуміз де жаңалықтардан білдік. Ағайын-туыс бізге хабарласып, құттықтап жатыр. Тойда жолығайық”, – деді әнші әзіл-шыны аралас. 

Айта кетейік, желіде Әдия Мәулен есімді ару әншінің ұлымен бірге жүргенін жариялаған еді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.