Бүгін, 12 сәуірде төрт кездесу болса, 13 сәуірге қалған ойындар жоспарланған.
Алдымен 15:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Елімай» (Семей), 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды. Одан кейін 17:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Каспий» (Ақтау), 19:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.
Ал 13 сәуірде 15:00-де «Хан тәңірі» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Астана», 17:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Ақтөбе», 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.
Ойындарды QazSport пен YouTube арналарынан көруге болады.
Айта кетсек, Қазақстан кубогында алдымен іріктеу кезеңі өткізілді. Жарыстың аталған сатысынан «Каспий» мен «Хан тәңірі» 1/8 финалға шықты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.