Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес барысында 10 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Есірткімен күрес: Шығыс Қазақстанда 86 қылмыстық іс тіркелді
292
оқылды

Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 86 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 50 нақты құқықбұзушылық анықталды: 35-і – сату, 2-уі – аса ірі көлемде сақтау, 13-і – құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру. Сонымен қатар, 1 контрабанда фактісі тіркеліп, заңсыз айналымнан 38 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 37 келі марихуана және 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, – делінген хабарламада.

Есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында өңірде 100-ден астам профилактикалық іс-шара – дәрістер, дөңгелек үстелдер, ақпараттық акциялар мен спорттық кездесулер ұйымдастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.