Алдымен ел құрамасынан Гүлназ Бөрібаева (48 келі) әзербайжандық Гюнель Рахимовамен кездессе, Анжа Сәдуақасова (52 келі) өзбекстандық Зиола Юсупова, Томирис Мырзақұл (52 келі) ресейлік Анастасия Маркова, Бақыт Сейдеш (70 келі) Патрисия Аданна Эпеллемен шаршы алаңға шығады.
Ал ел құрамасынан 48 келіде Нұрғиса Тұрабеков ресейлік Павел Васильев, Ернар Қарап өзбекстандық Бехруз Холдоров, 54 келіде Бексұлтан Боранбек ресейлік Максим Кузнецов, Жандәулет Сәрсенбаев әзербайжандық Канан Әлиев, Бағлан Кенжебек грузиялық Ладо Карчавамен шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ 57 келіде Ерболат Сабыр әзербайжандық Агасалим Мұстафазаде, Ержан Тұрдан сол елдің тағы бір өкілі Махмуд Гусейновпен қолғап түйістіреді.
Еске салсақ, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанның екі боксшысы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.