Есірткі жарнамалаған Жезқазған қаласының тұрғыны сотталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бас прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, Жезқазған қаласында ақшалай сыйақы үшін интернет-сайттардың мекенжайларына есірткі жарнамасы туралы хабарландыру қалдырғаны үшін 26 жастағы жігіт ұсталды.
Сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
– Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі заттарын тарату және оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді, – деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз