Бүгін Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерден өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ таратқан мәлімдемесіне сәйкес, көршілер өртті дер кезінде байқап хабарлағандықтан, тілсіз жау таралмай тұрып сөндірілді. Қауіп төндірген газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен пәтер есігін ашып, іште қалған 1982 жылы туған ер адам мен 1985 жылы туған әйелді аман алып шықты. Пәтер иесін күйік шалып, оның жұбайы түтінге уланған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз