БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, өзін әйел ретінде көрсетіп, жәбірленушілермен танысқан. Aikyn.kz бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
- Кездесуде өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, олардың іс-әрекеті заңсыз екенін айтып, қорқытып, ақша бопсалаған. Осылайша, жәбірленушілер оған 3 млн теңгеден астам ақша берген. Күдікті қолға түсіп, 3 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Жалпы, БҚО-да интернет-алаяқтық қылмысы 27,7 пайызға өскен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.