Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысындағы Qarmet АҚ-на қарасты Саран шахтасына түсті.
Министр  Саран  шахтасына түсіп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысты
Фото: ТЖМ
732
оқылды

Министрлік мәліметінше, Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов  Qarmet  АҚ-ның Көмір және болат департаменттеріне қарасты нысандарды аралады.

Сапар барысында ведомство басшысы компания шахталарында енгізілген позициялау жүйесімен танысты. Бұл заманауи технологиялық шешімдер кеншілердің нақты уақыт режимінде орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін аса маңызды.

Шыңғыс Әрінов  Саран  шахтасына түсіп, 540 метрлік горизонтта орналасқан көмір қазу комбайнының жұмысын көріп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысты.

Министр ерекше назарды Көмір департаментінің диспетчерлік-аналитикалық орталығының жұмысына аударды. Бұл жерде шахталардың жағдайы тәулік бойы бақыланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің сақталуы тексеріледі және төтенше жағдайлар кезінде жедел басқару жүзеге асырылады.

Жұмыс сапарының жалғасында Шыңғыс Әрінов  Qarmet  АҚ Болат департаментіне қарасты ыстық мырыштау және алюминийлеу цехының жұмысымен танысты. Сонымен қатар министр өндірістік процестер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қарап шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.