Олар оқу-жаттығу жиыны аясында Вьетнаммен шеберлік байқасады. Кездесу сағат 16:00-ге белгіленген. Aikyn.kz бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Екі ойын да сол елдің астанасы Хошимин қаласында 13-15 сәуір күндері болады. Оқу-жаттығу жиыны 8 сәуірде Астанада басталды. Оған 14 ойыншы қатысты.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»).
Алаңдағы ойыншылар: Азат Валиуллин («Аят»), Ерсұлтан Сағындықов («Аят»), Иван Марахов («Аят»), Жахангир Рашит («Қайрат»), Дамир Қайырбай («Қайрат»), Ақжол Дәрібай («Семей»), Ержан Карменов («Семей»), Әбдірәсіл Абдуманапұлы («Семей»), Альберт Ақбалықов («Ақтөбе»), Сайфулла Қоспанов («Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде екі сатыға төмендеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.