Өскемен қаласында трамвайларда 80-нен асқан қарттарға жасалған жеңілдік қайтарылды, деп хабарлайды aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өскеменде қарттар трамвайда қайта тегін жүретін болды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
879
оқылды

Таяуда трамвайларда зейнеткерлердің бәрінен 50 теңге көлемінде жолақысы талап етіле бастады. Ал бұған дейін 80-нен асқан қарттар тегін жүре алатын. Aikyn.kz бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұның себебін әкімдік «Трамвайлар жұмысына жүргізілген тексерулер барысында кәсіпорынның нормативтік-құқықтық актілерде көзделмеген жол жүру жеңілдіктерін біржақты тәртіпте белгілегені анықталды. Заң бойынша кәсіпорынның мұндай құқығы жоқ» деп түсіндірген болатын.

Десе де, көп ұзамай жергілікті билік қарттарға жасалған жеңілдіктің қайтарылғанын мәлім етті.

- Өскеменде 80-нен асқан қарттар трамвайда тегін жүре береді. Осы жас санатындағы жолаушылар көлік картасын валидаторға тигізбей-ақ жүре алады. Аталған мәселе қала әкімінің жеке бақылауында, - дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Замира Мурсалимова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.