Жапонияның Осака қаласындағы EXPO-2025 халықаралық көрмесінде қазақстандық дәрігер-зерттеушілер бірегей құрылғыны таныстырды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
24.kz арнасы тілшісінің мәліметінше, бұл инновациялық құрал жүрек сияқты донорлық дене мүшелерін сақтауға көмектеседі.
Әлем назарына ұсынылған құрылғы ALEM деп аталады. Ол Астанадағы "Университеттік медицина ортағылында жасалған. ALEM құрылғысы – донорлық органдарды 24 сағаттан астам уақыт бойы сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық өнім. Бұған дейін жүректі дәстүрлі әдіспен 4-6 сағат сақтауға болады деп есептеліп келген еді. Сондықтан ALEM – бірегей жоба және оның дүниежүзінде әзірге баламасы жоқ.