Актриса мотивациялық жазба жариялаған.
«Әлемдік подиумдар саған арналған»: Жұлдыз Әбдікәрімова көрерменді тәнті етті
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
723
оқылды

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова сән көрсетілімінде түскен суреттерін жариялап, оқырманды тәнті етті, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса суретке мотивациялық жазба жариялаған.

«Мәжбүрлеу мен асықтыру энергиясы жиі алаңдаушылықты, үрейді және қажетсіз қысымның пайда болуына әкеледі. Терең дем алып, бәрі сіздің игілігіңіз үшін болатынына сеніңіз», - деп жазды ол.

Оқырман актрисаның образын жоғары бағалап, пікір білдірген.

«Әлемдік подиумдар саған арналған», «Әдемі, сүйкімді, сымбаттысыз», «Актриса, модельер, дизайнер», «Кім айтады, 4 баланың анасы деп», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.