Ол Жапон әскерлеріне қатты соққы беріп, қуып шығады.
Амур маңайында шекараны жаудан қорғаған Төлеубай Шектібаев
istockphoto.com
203
оқылды

Бұрынғы Семей облысы Жарма ауданындағы Скотовод кентінде 1925 жылы туған Төлеубай Шектібаев Ұлы Отан соғысы салдарынан мектепті бітіріп, орта білім де ала алмаған.

Ол 7-сыныптан кейін «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ауыл адамдарына қосылып, тынбай еңбек еткен. Егіншілікке көмектесіп, мал шаруашылығын өркендетуге қомақты үлесін қосты. Он сегізге толған кезде, 1943 жылы әскери комиссариаттың шешімімен әскер қатарына алынды.

1943-1944 жылдары дайындық шеберлігін үйренгеннен кейін, Қиыр Шығыс шекарасында, Амур маңайында шекараны жаудан қорғады. Беларус майданының құрамында болып, Венгрияның Балатон көліне дейін, неміс басқыншыларын тазартуға қатысты.

Ал 1945 жылы ол Қиыр Шығыс майданына ауыстырылып, 83 атқыштар дивизиясының құрамында болды. Жапон әскерлеріне қатты соққы беріп, қуып шығады. Содан кейін Харбин қаласын да азат етуге атсалысады. Кейін 1945 жылдың мамырында Жеңіс туын желбірете ол елге оралады.

Сөйтіп, елді көтеру мақсатында шаруашылықты қолға алуға тырысты. Содан Семей өңіріндегі ауылшаруашылық техникумында білім алып, еңбек етті. Сонымен қатар ол сырттай Алматы зооветеринарлық институтында оқып, зоотехник мамандығын алды. Ерен еңбегінің нәтижесінде ауылда экономист, партком хатшысы, кеңшар директоры, ауыл кеңесінің төрағасы болып сатылап көтерілді. Елдегі шаруашылықты өркендетуге атсалысты. 2006 жылы құрметті демалысқа шыққаннан кейін Талдықорған қаласына қоныс аударады.

Бүгінде 95 жастан асқан атамыз немере, шөбере, шөпшек қамқорлығына оранды. Оның алған сансыз марапаттарының ішінде І дәрежелі «Отан соғысы» ордені,  «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», мерейтойлық медальдары бар.