Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы айтарлықтай бәсеңдеді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Krisha.kz сайтындағы материалға сүйене отырып айтады.
Үш ай ішінде 87 678 мәміле жасалған. Бұл 2024 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда, шамамен 32%-ға аз. Ол кезде зейнетақы жинақтарынан жаппай ақша алу мен жоғары сұраныстың арқасында 128 610 мәміле жасалған еді.
Тоқсан бойынша салыстыру:
- I тоқсан 2024 жыл — 88 636 мәміле;
- II тоқсан — 95 271;
- III тоқсан — 120 474;
- IV тоқсан — 128 610;
- I тоқсан 2025 жыл — 87 678.
Жыл бойынша салыстырсақ (2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда) төмендеу аз. Небәрі 1,1 %, бірақ тоқсандық динамикада айтарлықтай құлдырау байқалады.
2025 жылдың наурызы: жыл басынан бергі минимум
Наурыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 739 мәміле тіркелді. Бұл ақпан айымен салыстырғанда, 4.4 %-ға аз. Яғни, осы жыл басынан бергі ең төмен көрсеткіш.
Сұраныс 20 өңірдің 13-інде төмендеді. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, бір ай ішінде ең үлкен төмен көрсеткіш мына облыстарда тіркелді:
- Жамбыл облысы – 23.3 %;
- Батыс Қазақстан облысы – 18.4 %;
- Маңғыстау облысы – 18.1 %.
Ең үлкен өсім Шығыс Қазақстан (+16.8 %), Алматы (+11.4 %) мен Атырау (+11.3 %) облыстарында болды.
Алматы қаласында мәмілелер саны шамамен 9 %-ға азайса, Астанада 1 % шамасында ғана төмендеді, ал Шымкентте керісінше 6 %-ға өсті.
27 739 мәміленің ішінде 21 842-сі пәтерге, ал 5 897-сі жеке үйге қатысты. Пәтер арасында екі бөлмелісі көш бастады. Оны сатып алу үшін 8 211 мәміле жасалды.
Өңірлер бойынша статистика (2025 ж. наурыз):
Өңір |
Мәміле саны |
Айлық өзгеріс |
Жылдық өзгеріс |
ҚР |
27 739 |
–4.4 % |
5.1 % |
Абай |
620 |
–7.0 % |
12.1 % |
Ақмола |
913 |
–10.0 % |
–5.3 % |
Ақтөбе |
1 026 |
–3.5 % |
–1.3 % |
Алматы обл. |
1 716 |
+11.4 % |
10.0 % |
Атырау |
817 |
+11.3 % |
1.0 % |
БҚО |
850 |
–18.4 % |
10.4 % |
Жамбыл |
796 |
–23.3 % |
5.3 % |
Жетісу |
614 |
+3.7 % |
10.4 % |
Қарағанды |
2 130 |
–9.1 % |
2.8 % |
Қостанай |
1 015 |
–0.6 % |
23.5 % |
Қызылорда |
437 |
+4.5 % |
–17.5 % |
Маңғыстау |
1 236 |
–18.1 % |
0.8 % |
Павлодар |
795 |
–4.1 % |
7.0 % |
СҚО |
544 |
+1.5 % |
25.3 % |
Түркістан |
768 |
–12.4 % |
–25.7 % |
Ұлытау |
357 |
–2.5 % |
66.0 % |
ШҚО |
902 |
+16.8 % |
3.8 % |
Астана |
5 652 |
–0.9 % |
12.8 % |
Алматы |
5 069 |
–8.8 % |
–2.4 % |
Шымкент |
1 482 |
+6.0 % |
19.9 % |
Сұраныс қайда өсіп жатыр?
Жылдық көрсеткіш бойынша, ең көп өсім мына өңірлерде байқалды:
- Ұлытау облысы +66 %;
- Солтүстік Қазақстан +25.3 %;
- Қостанай облысы +23.5 %;
- Шымкент +19.9 %.
Сонымен қатар оң динамика Астана (+12.8 %), Алматы облысы (+10 %) және Жетісу облысында (+10.4 %) байқалды.
Нарықта не болып жатыр?
2024 жылдың соңындағы қарбаластан кейін нарық тыныштық фазасына өтті. Күзде және желтоқсанда қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын белсенді пайдаланды. Сөйтіп мәміле саны күрт өсті.
Қазір бұл ресурс таусылды, жаңа ынталандыру да аз, ал сатып алушылар тек күтіп отыр.
Бұған қоса, маусымдық фактор да әсер етеді. Көктемде нарық әдетте жаңа тұрғын үй кешені мен мемлекеттік бағдарламаларды күтіп, бәсеңдейді. Бірақ II тоқсанда жағдай сәл де болса қалпына келуі мүмкін. «Наурыз» ипотекасы және зейнетақы қаражатын пайдалану мүмкіндігі арқасында 1 миллионнан астам қазақстандық өз жинақтарын пайдалана алады.