Театр ұжымы өз қойылымдарын 14-15 сәуір күндері ұсынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры елордаға гастрольдік сапармен келді
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
427
оқылды

Театрдың елорда төріндегі қойылымдары Жастар театрында сахналанады.

14 сәуір   «ДЖУДИТ ЖАСАҒАН ҚИЫН ТАҢДАУ»

 Балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоу / авторы және қоюшы режиссері – Сергей Левицкий. Сағат 18.30-да.

15 сәуір – «МАУГЛИ» 

Ертегі/ авторы: Р.Киплинг, режиссері: Даурен Төлеубаев. Сағат  12.00-де.

15 сәуір  «ҰЖДАН»

Әфсана / авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, қоюшы режиссер: Азамат Нигманов. Сағат 18.30-да.

Қасиетті Ертіс-Баян өңірінің рухани қара шаңырағы саналатын Ж.Аймауытов театры 1990 жылы 7 желтоқсанда режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпеновтің сахналауында М.Әуезовтің  «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен алғаш шымылдығын түрді.  Жалпы, тәуелсіздік жылдары 160-қа жуық қойылым сахналанған.  

1992 жылы өнер ұжымына Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілді. Ал биыл Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының құрылғанына 35 жыл толады.

Театр соңғы жылдары жаңашыл қойылымдарымен көзге түсіп, көптеген республикалық және халықаралық фестивальде олжа салды. Соның бір дәлелі  – 2023 жылы Ресейдің Мәскеу облысы Мытищи қаласындағы «ФЭСТ» драма және комедия театрында өткен «Подмосковные вечера» фестиваліне қатысып, «Үздік ансамбль» номинациясын иеленді.  Бұдан бөлек, Орал қаласындағы театрлар бәсекесінде «Король лир» қойылымымен  «Үздік стенография» аталымын (2023 ж.), Көкшетауда «Венециялық егіздер» қойылымымен «Үздік режиссерлік қойылым» аталымын жеңіп алса (2023 ж.), «Ертіс-Баян» республикалық театрлар фестивалі (2024 ж.), Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХХ Республикалық фестивалі  (2024 ж.) өнер ұжымы үшін табысты өрілді. Ал 2024 жыл қорытындысында «Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің» сыншылар жүлдесінде бірнеше номинациямен марапатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.