Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Пәкістан серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Басты назар биылғы жылға жоспарланған түрлі деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне аударылды. Бұл ретте жоғары деңгейде байланыстардың оң динамикасы аталып өтті.
Осы тұрғыда екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттарына ықпал ететін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының маңыздылығына назар аударылды.
Тараптар энергетика, сауда-экономикалық және транзиттік-көліктік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.