Әзілкеш Қайрат Әділгерей «OZMZ ғой» бағдарламасында қонақта болып, отбасылық өмірі жайында сыр шертті.
Оның айтуынша, биыл келіншегі Бақыт Тұрманмен отау құрғанына 20 жыл болды.
– Жалпы, әйелге сыйлық берсең, оның көңіл күйіне жақсы әсер етеді. Соған қарай ол үй ішіне, бала-шағасына, дастарқанға бар көңілін бөледі. Сол жағынан алғанда сыйлық – инвестиция. Оның үстіне, сыйлық ескіргенімен, есте сол кездегі көңіл күй мәңгі қалады.
Сондықтан келіншегіме әрдайым сыйлық жасауға тырысамын. Өкінішке қарай, көбіне оның таңдауына дәл түспеймін. Сыйлық алсам да, 14 күн міндетті түрде оның түбіртегін сақтаймын. Себебі көбісі қайта қайтарылып жатады, – дейді ол.