Белгілі қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова саясаткер Заманбек Нұрқаділов екеуінің неке куәлігін көпшілікке көрсетіп, некесіне қатысты тың ақпаратты бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші неке куәлігінің суретін Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз» дегенде: «Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз, әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе?! Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік» деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық. 1998 жылдың 1 қазанында неке қиылды», – деп жазды әнші.