Кәмелетке толмаған қыз Алматыға ата-анасының хабарынсыз өз бетімен келгенін айтты.
Шымкентте жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Алматыдан табылды (видео)
Фото: Polisia.kz
1,660
оқылды

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Пушкин көшесінің бойындағы аллеяны аралау кезінде Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 16 жастағы қызды анықтады.

— Кәмелетке толмаған қыз Алматыға ата-анасының хабарынсыз өз бетімен келгенін айтты. Полиция, дереу оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдады - қыз бала заңды өкілдері келгенше қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығына уақытша орналастырылды, - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков. 

Алдын алу жылы аясында Алматы полициясы кәмелетке толмағандардың құқықтарын анықтау және қорғау жұмыстарын күшейтті. Қыздың ата-анасымен және туыстарымен туыстық байланыстарды нығайтуға және қайталап рұқсатсыз кету жағдайларының алдын алуға бағытталған жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.