Бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды, – деп хабарлайды aikyn.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 миллиард теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
925
оқылды

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады.

Б.Қ.Әбішев пен Б.С.Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған.

Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.