Мамандар өртті сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Өрт ошағы батпақты, қолжетімсіз жерде орналасқан. Өртті сөндіруге 85 адам, 15 бірлік техника жұмылдырылды.
Қосымша 20 адам, су таситын көлік, соқасы бар трактор және жүк тиегіш жіберілді.
«Ми-8 тікұшағы әуеде жұмыс істеп жатыр, бортында 11 құтқарушы бар. Барлық қажетті құтқару жабдықтары тиелген», – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру жұмыстарын қатты жел де (19–20 м/с дейін) қиындап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.