Ол өз үйінің қорасында 20 келіден астам марихуананы заңсыз сақтағаны үшін күдікке ілінді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында азаматтың есірткі құралдарын аса ірі көлемде сақтауға қатысы бары анықталды. Тәртіп сақшылары жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан қораның жертөлесін тінту кезінде қарасора иісі аңқыған өсімдік массасы салынған бес қап пен бір чемоданды тәркіледі», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.