Бұл туралы Қарағанды облыстық бокс федерациясы мәлімдеді.
Бокстан әлем чемпионы Аида Әбікееваға жерлестері автокөлік сыйлады
Фото: Қарағанды облыстық бокс федерациясы
1,080
оқылды

Бокстан әлем чемпионы Аида Әбікееваға Қарағанды облысының бокс федерациясы жаңа автокөлік сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл туралы Қарағанды облыстық бокс федерациясы Instagram-дағы парақшасында жариялады.

– Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Камалутин Халиков әлем чемпионы Аида Әбікееваға тамаша сыйлық – жаңа автокөлік табыстады. Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз.

Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!, – делінген федерацияның жазбасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.