Таиландтың Сонгкхла қаласында AVC Beach Tour аясындағы жағажай волейболынан 24-ші Samila Open Азия турының кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық екі жұп жеңіске жетті.
Дмитрий Яковлев пен Абдулмаджид Мохаммад тартысты әрі шиеленісті кездесуде Қытай спортшыларын 2:1 есебімен ұтты.
Сергей Богату мен Кирилл Гурин жұбы турнирді сенімді бастады. Олар ирандық қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.