Ол бұл туралы Janar Baysemiz-дің YouTube арнасында берген сұхбатында егжей-тегжейлі түсіндірді.
Оның айтуынша, ғалым Құранда жазылған дүниені сөзбе-сөз орындайтын болса, керісінше өзіне қайшы болатынын жеткізген.
– Ол әз-Шәтіби деген ғалымның әдісін дамытқан. Міне, соның ұстанымынша, әр үкімнің өзегінде жатқан әлеуметтік идея, мақсат бар. Сол мақсатты анықтау керек дейді. Бұл кісі Оксфордты бітіріп келген соң, Пәкістандағы Аюбхан деген президенттің кеңесшісі болған. Кейін ол кісі оған ислам зерттеу институтын ашып берген. Соның сөзінше, кез келген мұсылман малды Алланың атымен бауыздау қажет емес деп санаған, – дейді Асылтай Тасболат.
Дінтанушы оған ненің негіз болғанын тарқатып айтып берді.
– Сол кезде ол баспасөз бетінде мал бордақылау жайында мақала көріп қалады. Тек қана мұсылмандар тұратын жерде бүкіл малды қолмен бауыздаса, конвейерге сәйкес келмейді. Кейін станокққа құдайдың атын жазып, кесе беруге болады деген пәтуаға келеді.
Құрандағы Алланың есімін айтып барып, бауыздаған мал адал болады деген түсінікті түсіндіреді. Яғни, кезінде қағбаның айналысына келіп, мүшріктер Алланы емес, өздерінің құдайының атын айтып, малды бауыздаған екен. Соған қарсылық ретінде әрі мүшріктерге көрсету үшін малды бауыздарда олар Алланың атын дауыстап айтқан деседі.
Егер контексті оқитын болсақ, құранның негізгі мазмұнын дұрыс түсінер едік. Өйткені кез келген мұсылман өз ішінде малды Алла атын атамай-ақ бауыздай беруге болады. Оның айтуынша, әрбір мұсылманның жүрегінде Құдай тұр. Бұл әрине қалыптасқан дәстүрді бұзу ғой. Сондықтан ғұламалар бұл кісінің кейбір көзқарастарына келіспеді, артынан ол Америкаға көшіп кетті, – дейд ол.