Автор туындыларының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы.
Өнер музейінде «Сағыныштың түсі» атты көрме өтіп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
607
оқылды

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, экспозицияда 40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылды. Суретші туындының құрылымы мен түстік түзілімін түрлі-түсті жіптер арқылы ойнатып, кескіндемелік жолақтарды, жағыстарды және кескіндерді аса дәлдікпен кесте арқылы көрсетеді. 

Жалпы суретшінің көрмеге қойылған жұмыстарынан – түстің қанықтығы, құрылымның нақтылығы байқалады. Автор туындыларының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы. 

Көркемөнердің ішінде балалық шаққа арналған тақырыптар да бар. Ол өз еңбектерінде ауылдың бейқам өмірін, бала көңілдің тазалығын, жан дүниенің тыныштығы мен сағыныш лебін көркем шеберлікпен жеткізген. 

Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.