Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Араб шығанағы мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі» форматындағы 3-ші министрлер кездесуіне қатысу үшін Кувейт мемлекетіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Қазақстан СІМ басшысы Кувейт Араб экономикалық даму қорының (KFAED) бас директоры Уалид Аль-Бахармен және Кувейт Сауда-өнеркәсіп палатасы бас директорының орынбасары Имад Аль-Зейдпен кездесу өткізді.
KFAED басшысымен Қазақстанда орнықты даму, инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру салаларында ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Әсіресе энергетика, сумен қамту және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларға Қор қаражатын тарту әлеуетіне ерекше назар аударылды.
Кувейт Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды орнату, екіжақты сауданы жандандыру және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.