Әнші Қайрат Нұртас жұбайы, балаларының анасы Жұлдыз Әбдікәрімоваға жыр шумақтарын арнады, - деп жазды Aikyn.kz.
Әнші жұбайын туған күнімен құттықтаған.
"Жүрегімнің дауасы,
Ұл-қызымның анасы,
Лайықты жан өзіме,
Дүниедегі жанашыр,
Ыстық оттай сезіммен.
Заманым тыныш өзіңмен,
Жұлдызым туған күніңмен", – деп жазды Қайрат Нұртас.
Желі қолданушылары әншінің бір күн кешігіп құттықтағанын айтып, отбасына бақыт тіледі.
“Жұлдыздың туған күні кеше өтіп кетті”, “Екеуін бірге көрсем, қатты қуанамын”, “Қайрат кешігіп қалды”, "Екеуі бірге жүрсе, біз бақыттымыз", – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, актриса 37 жасқа толды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.