Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Отырыс барысында 2023-2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды. Әсіресе, мемлекеттік тілдің ұлт бірегейлігінің іргетасы және дамудың стратегиялық ресурсы ретіндегі рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысында Комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Ермек Көшербаев алдағы жұмыстың басым бағыттарын атап өтіп, тілдік ортаны жүйелі жаңғыртуға, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны бейімдеуге күш салуды тапсырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.