Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті рейдерлік дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Нығматулиннің ұлы рейдерлік іске қатысы бар ма?
istockphoto.com
601
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты істің кейбір егжей-тегжейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сәуірдің басында БАҚ-та Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Тіпті, бұл дерекке қатысты Алматы полициясы Қылмыстық кодекстің 389-бабы ("Өз бетінше билік ету") бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Бап бойынша ең төменгі жаза - 80 АЕК (2025 жылы 314 560 теңге) мөлшерінде айыппұл, ең жоғары жаза - қылмыстың ауырлығына байланысты 3-7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру.

Кейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұржан Нұрлановқа қатысты полицияға арыз түскенін, қазір қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Нұрлановтың мәртебесі қандай екені нақтыланбаған. 

Алайда Қаржылық мониторинг агенттігі бұл істі жоққа шығармады. 

"Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті рейдерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл істі бұған дейін Алматы Полиция  департаменті тіркеген болатын", - делінген хабарламады. 

Қазақстанда рейдерлік үшін (ҚК-нің 249-бабы) ең төменгі жаза - 5 мың АЕК (19,6 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл, ең жоғары жаза - қылмыстың ауырлығына байланысты 8-12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру.

Осылайша, бұл іс қайта сараланған болуы немесе тергеу қатар жүргізіліп жатқан болуы мүмкін. ҚМА бұл жайлы нақтыламаған.