Астана қаласының әуе кеңістігін уақытша жабуға қатысты министрлік жолаушыларға мәлімдеме жасады.
Көлік министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады: Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер енгізіледі
Фото: gov.kz
823
оқылды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқамерзімді шектеулер енгізіледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуекомпания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз, - делінген арнайы хабарламада. Сонымен қатар жолаушылар үшін авиакомпаниялардың байланыс нөмірлері көрсетілген:
Air Astana
Алматы: + 7 (727) 244 44 77
Астана: + 7 (7172) 58 44 77
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77
SCAT +7 (7252) 99 88 80
Qazaq Air +7 (727) 356 14 14
FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)
Астана әуежайы +7 (7172) 702–999

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.