Семейде ТЖМ қызметкерлері көлігімен бірге суға батып кете жаздаған ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Семей қаласының "112" қызметінің пультіне Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралының ауданында 37 жастағы ер адам жеңіл көлікпен өзен жайылмасына кіріп, суда қалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған құтқарушылар көліктің терезелеріне дейін суға батқанын, ал жүргізушісі автокөліктің төбесіне шығып алғанын көрген. Құтқарушылар алдымен ер адамды жағаға апарып, оны жылытып, содан кейін көлікті шығарып алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.