BoxRec жеңіл салмақтағы рейтингте Балаусаны 14-орыннан 9-орынға көтерді.
Қазақстандық боксшы қыз әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді
Nomad Promotions
713
оқылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Балауса Мұздыман (7-0, 5 КО) 5 сәуірде Астанада өткен бокс кешіндегі жеңісінен кейін BoxRec-тің жаңартылған рейтингінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Балауса Астанадағы бокс кешінде филиппиндік Мария Тереза ​​Пинилимен (7-2, 2 КО) жұдырықтасқан болатын. Сегіз раундтық жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен Балауса жеңіске жеткен. Сол жеңістен кейін BoxRec жеңіл салмақтағы рейтингте Балаусаны 14-орыннан 9-орынға көтерді.

Балауса Мұздыман 2017 жылдан бері кәсіпқой бокста жүргенімен, дебютінен кейін алты жыл бойы жекпе-жек өткізбеген. 2023 жылдың наурыз айынан бастап тұрақты түрде рингке шыға бастады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.