Соғыстан кейін Каменец-Подольск қаласындағы әскери училищені бітіріп, шекара бөлімдерінде қызмет етті.
Шығыс Германияны азат етуге атсалысқан Құрмат Рақымов
901
оқылды

Құрмат Рақымов Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып, 1-Балтық және 3-Беларусь майдандарының құрамында Литва, Беларусь республикаларын, Шығыс Германияны азат етуге, Кенигсбергті алуға қатысты.

Соғыстан кейін Каменец-Подольск қаласындағы әскери училищені бітіріп, шекара бөлімдерінде қызмет етті. Демобилизациядан кейін 1956 жылы Өскемен қаласына оралып, облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Соғыста көрсеткен батылдығы үшін II дәрежелі Отан соғысы ордені, «Кенигсбергті алғаны үшін» медалі, «Әскери еңбегі үшін» медалі, «Құрмет медалі», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.