Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетті.
Қазақстан спортшысы әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды
Фото: ҰОК
564
оқылды

Хургадада (Мысыр) әртістік жүзуден әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті, – деп жазды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді.

Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алды — 224,5450 ұпай. Екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин ие болды — 218,7650 ұпай.

Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.