Әнші Димаш Құдайберген жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетілетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Бұл жаңалықты көрермен қуана қабылдады.
Айта кетейік, 26 мамырда Almaty Astana стадионында әнші "D and Dears" фан-кездесуін өткізеді. Іс-шара Димаш Құдайбергеннің туған күніне орайластырылып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.