Жанармай құю бекетіндегі шабуыл бойынша іс Iшкi iстер министрлiгiнің бақылауында, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Жамбыл облысындағы Меркі ауданында жанар-жағармай құю бекетінде пышақ қолдану арқылы шабуыл жасалды. Күдіктінің ізін суытпай ұстап, сот санкциясымен қамауға алынды.
Осы дерекпен Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен, яғни пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылықпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл баппен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, яғни ауыр санаттағы қылмыс қатарына жатады.
Тергеуді Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізуде, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Оның жұмысын ұйымдастырып, бақылау жүргізу үшін министрліктің орталық аппарат қызметкерлері жіберілді. Қазір жан-жақты тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар адвокатының өтініші бойынша жәбірленушіге полицияның күзеті қойылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында, – деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.