Қызылордада Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында игі істер легі басталды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жастар «Тағзым» алаңында ардагерлердің ескерткішін тазалады
Фото: Аманат
659
оқылды

«AMANAT» партиясы және «Жастар рухы» Жастар қанаты өкілдері Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қызылордадағы «Тағзым» алаңына тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Тазалық жұмыстары барысында, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерді жуып, саябақ ішін арам шөптер мен қоқыстан тазартты.

«AMANAT» партиясы мүшелері әр бейсенбі сайын «Таза бейсенбі» акциясы және әр сенбіде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жалпы облыстық сенбілікке қатысып, өңірдің тазалығына өз үлесін қосып келеді. Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында арнайы «Тағзым» алаңына тазалық жүргізіп отырмыз. Мақсат кейінгі ұрпаққа майдангерлеріміздің ерлігін ұлықтау, ұрпақ мұрасын күтіп ұстау, құрметтеуге дәріптеу», – дейді партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов. 

Атап өтейік, Ұлы Отан соғысына Қызылорда өңірінен 150 мың адам аттанса, олардың 60 мыңы ғана елге оралған. Бүгінде өңірде екі ардагер бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.